Бағдарламалық жасақтама осалдықтарын анықтау және түзету туралы

Kaspersky Security Center бағдарламасы Microsoft Windows операциялық жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін басқарылатын құрылғылардағы бағдарламаларда осалдықтарды анықтайды және түзетеді. Осалдықтар операциялық жүйелерде және Microsoft бағдарламалық жасақтамасын қоса, үшінші тарап бағдарламаларында кездеседі.

Бағдарламалық жасақтама осалдықтарын анықтау

Осалдықтарды анықтау үшін Kaspersky Security Center бағдарламасы белгілі осалдықтар туралы дерекқордағы белгілерге негізделген бағдарламалық жасақтаманың белгілі осалдықтарын іздейді. Бұл дерекқорды "Лаборатория Касперского" мамандары қалыптастырады. Онда осалдықтардың сипаттамасы, осалдықтарды анықтау күні, осалдықтардың қауіптілік деңгейі сияқты осалдықтар туралы ақпарат бар. Сіз осалдықтар туралы мәліметті "Лаборатория Касперского" сайтынан ала аласыз.

Kaspersky Security Center бағдарламасында бағдарламалардың осалдықтардың іздеу үшін Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасы қолданылады.

Бағдарламаларда осалдықты түзету

Бағдарламаларда осалдықтарды түзету үшін, Kaspersky Security Center бағдарламасы бағдарламалық жасақтама өндірушілері шығарған бағдарламалық жасақтама жаңартуларын қолданады. Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту метадеректері келесі тапсырмаларды орындау нәтижесінде Басқару сервері қоймасына жүктеледі:

Осалдықтарды түзетуге арналған бағдарламалық жасақтаманың жаңартулары толық дистрибутивтер немесе патчтар түрінде ұсынылуы мүмкін. Бағдарламалық жасақтаманың осалдықтарын түзететін бағдарламалық жасақтама жаңартулары түзетулер деп аталады. Ұсынылған түзетулер – бұл "Лаборатория Касперского" мамандары орнатуға ұсынатын түзетулер. Пайдаланушылық түзетулер – бұл пайдаланушылар орнату үшін қолмен көрсетілетін түзетулер. Пайдаланушылық түзетулерді орнату үшін осы түзетуді қамтитын орнату пакетін жасау керек.

Kaspersky Security Center лицензиясы Осалдықтар мен патчтарды басқару мүмкіндіктерін көздесе, осалдықтарды түзету үшін Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасын пайдаланыңыз. Бұл тапсырма ұсынылған түзетулерді орнату арқылы бірнеше осалдықтарды автоматты түрде түзетеді. Бұл тапсырма үшін бірнеше осалдықтарды түзету үшін белгілі бір ережелерді қолмен конфигурациялауға болады.

Kaspersky Security Center лицензиясы Осалдықтар мен патчтарды басқару мүмкіндіктерін көздемесе, осалдықтарды түзету үшін Осалдықтарды түзету тапсырмасын пайдаланыңыз. Бұл тапсырманың көмегімен Microsoft бағдарламалары үшін ұсынылған түзетулерді және үшінші тарап бағдарламалары үшін пайдаланушылық түзетулерді орнату арқылы осалдықтарды түзетуге болады.

Қауіпсіздік мақсатында, Осалдықтар мен патчтарды басқару арқылы орнатқан кез келген үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы жаңартулары "Лаборатория Касперского" технологиялары арқылы зиянды БҚ-дың бар-жоғы тұрғысынан автоматты түрде тексеріледі. Бұл технологиялар файлдарды автоматты түрде тексеру үшін қолданылады және антивирустық тексеруді, статикалық талдауды, динамикалық талдауды, "құмсалғыштың" жүріс-тұрысын талдауды және машиналық оқытуды қамтиды.

"Лаборатория Касперского" мамандары Осалдықтар мен патчтарды басқару арқылы орнатуға болатын үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы жаңартуларын қолмен талдамайды. Сонымен қатар "Лаборатория Касперского" мамандары мұндай жаңартулардағы осалдықтарды (белгілі немесе белгісіз) немесе құжатталмаған мүмкіндіктерді іздеумен айналыспайды және жоғарыда аталған талдаудың басқа түрлерін жүргізбейді.

Пайдаланушының араласуы үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту кезінде немесе басқарылатын құрылғыдағы үшінші тарап бағдарламаларында осалдықтарды түзету кезінде қажет болуы мүмкін. Мысалы, пайдаланушыдан үшінші тарап бағдарламасын жабу сұралуы мүмкін.

Бағдарламалық жасақтаманың кейбір осалдықтарын түзету үшін, қажет болса, бағдарламалық жасақтаманы орнатуға арналған лицензиялық келісімді қабылдау керек. Егер сіз Лицензиялық келісімнен бас тартсаңыз, бағдарламалық жасақтаманың осалдығы түзетілмейді.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарды анықтау және түзету

Басына оралу